Кіріспе
Камуникация дәстүрінде, ғаламтор, масс медиа, баиланыс құралдары, және бір-бірінен тәуелді еңбек ету рынығын, діни ұстанымдары, ұлттары, мәдениеті әр түрлі адамдарды, бір кеңістікте орналастырғандықтан, осы уақытта адам қоғамының дамуы үшін жаңа өркениет канцепциясын қисынға келтіріп, ортақ құндылы тұғырнамасын қарастырған жөн. Әр түрлі діндер мен ғаламшарымыздың мәдениеттері көптеген жылдар бойы бір бірінен алыста қалыптасқан және көне уақытта бір бірімен байланысу мен жихан кезу мүмкіншіліктері қәзіргі уақыттағыдай болмаған. Кәзір іс сапарға немесе демалысқа адам қалаған жеріне ұшып баралады. Қазір әртүрлі мәдениет, қоғамдардың, ұлтардың, өкілдері бір кәсіп орында жұмыс істеп, бір үйде тұрады, осындай жағыдайға байланысты әмбебап өркениет Концепсиясында қажеттілік туындайды, мұндай Концепция бүткіл жердегі рухани ілімдердің мәнін көрсетіп және кәзіргі заманның ғылымымен үйлесімде болуы тиіс. Егер мұндай концепция қабылданбайтын болса, онда бүткіл әлемде немесе кейбір өңірлерде жыл сайын қауырттылық пен оқшаулық көбейе түседі, мұндай жағыдайда қайта тұйық ортаға қайту мүмкіншілігі болмағандықтан, тек бір ғаны амал қалады ол - жанжал мен күйзеліс.
Алайда мұндай Концепция тек ортақ адамгершілік өркениет функциясын ғана орындап қоймай, глобалдік стандартизация процестеріне қосылып өздерінің тарихи төл мәдениеттерін толық жойылуына объективті келісім беріп отырған халықтарға, ұлттық ортақтықты қайта өркендету мен оларды бірлестірушілік жұмысын орындайды.
Және бұл Концепцияның үшінші бастапқы функциясының мәні, ол бізге сыртқы адаммен ішкі Адамды бір-бірімен байланыстыруына көмек болады: әр адамда өзінің ерекше, бірегей табиғатын ашып, тануына талабы бар, және осы өмірде шынайы іспен айналысқысы келеді, бірақ біз өзімізден, яғни Адамнан бас тартып өз-өзімізді ақтап, қоғамның мұндай талапты қолдамайтынын себеп етіп, сонымен қатар күн көрушілік пен бәсекеге азғырылып сырт әрекетке батамыз. Бұл Концепция біздің ішкі Адамымызға күш беріп, айналамызды өзгертуіне арналған.
Бұл концепция әлемнің терең заңдарында негізделген, сондықтан ол біздің сезімімізге (интуициямызға) оңай түсінікті және қайраттандырады. Тұлғаның және қоғамның дамуының тұрақты негізі болғандықтан, ол бүткіл рухани ілімдердің мәнін ашып көрсетеді, сонымен қатар ол ғылыми обективтікпен қазіргі өркениеттің даму парадигмасының осы Уақыттың талаптарына сай келмейтінін ашып, оны тез арада ауыстырудың қажеттілігін түсіндіреді.
1.Адамның екі анықтамасы
Ең бастапқысы – дұрыс бастау. Егер есеп шығарудың басында қателік жіберілетін болса, онда одан кейінгі есептеуіміз дұрыс болсада – олар жалған және бос уақыт жоғалту болып саналады. Сондықтан біз ең бастапқысынан бастаймыз – антропологиялық анықтамадан: адам деген кім?
Биологиялық көзқараспен қарасақ, адам – маймылға ұқсайтын тірі жан, бірақ өте күрделі жүйке функциаларының иесі, мұндай жүйке оған ерекше деңгейде ойлануға мүмкіндік береді. Осы антропологиялық алғышарттан бәрімізге таныс Дарвинның, осы уақытқа дейін нақты дәлелденбеген ( және ол ешқашанда дәлелденбейді, өйткені табиғатта маймылдан адамға даму сатысндағы байланыс үзбесінің жоқтығынан) адамның қалай пайда болған теориясы шыққан.
Дегенмен мұндай алғышарт(адам мен маймылдың бауырлас екені жайлі) кәзіргі заманның қоғамының өміріне сіңіп,сүйегіне өткен: мәдениетті, білім алу жүйесін, саясатты, адамдардың қарым-қатынастарын. Биологиялық адамның талаптары жануарлардың талаптарына сай: қоректену, ұйқтау, жыныс қатынаспен айланысу және қорғану. Жануар ұрпағын жалғастыру үшін жайларын жабайы түрде салса, ал адам болса үйін битон мен әйнектен салып, жанурлар секілді тіс пен тырнақпен қорғанбай, қорғанысы мен шапқыншылығын пышақ пен атым бомбасымен жасаса – бұл адамның Мәнін өзгеше қылмайды. Оны тура сол маймыл бірақ рафинатталған және «масштапты» деуге болады.
Сонымен қатар басқа антропологиялық алғышарт әр-қашанда болған, мұндай алғышарт Адамды басқа жануар әлеміне қарағанда өзгеше ерекшелеген. Адам – Құдыреттің Жаратқан әлемінің мәнін түсіне алатындықтан, ол өзіндегі биологиялық адамды құрбан етіп, дәлірек айтсақ ол одан асып түсе алады. Мұндай қасиеттің Адамға берілген себебі, ол жануар әлемімен емес керсінше жоғарғы әлеммен байланыста.
Дәл осы Адамға берілген анықтама биалогиялық адамды қабыл етпеуді білдірмейді, кесінше адамды рухани Адамға қызымет ету ретінде анықтап, Адамды іске асырудың құралы екенін көрсетеді.
Бірінші материалистік антропология парадигмасының жиектемесінде, мәдениет бізге идеал ретіндегі (тек мәдениетіміз идеалдың пайда болуына жауапты) жеке басын ғана ойлайтын, қарама қарсы жыныстарда сексуалдық тартыным туғызатын, ал өз жыныс түрінде қорқыныш туғызатын әдемі және күшті тәні бар, биологиялық индивидтің мінез құлқын ұсынады. Жануарлардың соцумында ақылды және икемдісі үйірдің бастаушысы болып қабылданады, тура сол секілді адам мәдениетінде, басқаларға әсер ете алатындар, басқаларға қарағанда тезірек ойлайтындар және ойын нақты түсіндіре алатындар, қоғамда айрықша құқықтылықпен төрдің иесі болады.
Қандайда бір биологикалық қоғамды (үйірді) алатын болсақ, онда әрине қарым-қатынас бар, ең жақын қатынас жыныс қатынасы болып саналабы, мұндай қатынастың ұлғайуы -балалар. Жануарлар өз тұлдарына өте мейірімді болып келеді – табиғатта осылайынан жаратылған. Олардың үйірлес өмірінде бір біріне, сезімдері мен талаптарын білдіретін тіл табысу тәсілдері де бар. Сол секілді оларда білім беру жүйесі де бар, балаларын үйірдің мәдениет кодына сәйкес болу үшін олар тәрбиемен айналысады.
Сонымен Адам мен адамның қандай аырмашылығы бар? Мысалы адам өзі секілдіге жамандық жасаса, онда ол қарсы соққыға тап болады, немесе қарсыласы бос болса, жұмсақ мінезін көрсетіп жамандықпен келіседі. Биологикалық коды ослайынан жұмыс істейді және материалистік қоғамның талаптары да осындай. Керсінше Адам болса: «Сен маған мұндай жамандықты неге істедің?» деген сұрақ қойады, былайша айтқанда оның жағынан тойтарыс емес, керсінше ол, адамдағы Адамның істеген әрекетінің мәнін түсінгісі келген талабын білдіреді. Егер адам Адам болуға дайын болса, онда ол ар-ұйатының дауысын сезіп, кешірімін сұрап, істеген әрекетіне тұжырым жасайды. Ал егер ол толығымен биологикалық кодтың әсерінде болса, яғни материалист болса, онда ол үшін мұндай сұрақ мәнсіс болып көрінеді. Мұндай жағыдайда, жағыдайға сәйкес «маймылдың туысының» тіліндегі қолданылатын шараларды қолданған жөн. Бірақ не болса да, шынайы Адам, адамның Адам потенциалын көріп, оны оятқысы келеді.
Барлық тірі жандар биологикалық - жыныс одағының талабын іске асырумен айналысуда, бірақ потенциалды Адам от-басын құрғанда бір ғана мақсатты көздейді, Адам болуды, және өз балаларына бір тууды ғана емес, ал екі тууды: биологикалық және рухани тууды береді. Қоғамның отбастары осы құндылықтарды бәрімен бірге қабылдап оларды ұстанбаса, мұндай қоғам болашаққа кіре алмайды.
Тәніміз бен ақылымыздың материясы айналамызды қоршаған кеңістіктің әсерінен және оның бағдарлауына тәуелді, бірақ адамның рухы (санасы) материядан тәуелсіз. Сондықтан біздің рухымыз оянбағанша, біз өзімізді тән мен ақылмын деп санағандықтан айналамызға дұрыс әсер жаса алмаймыз. Әлеуметтік кеңістік әсерінен адамның рухы басылып қалады, бірақ дәл сол кеңістік әсерінен рухты оятуға да болады. Қоғамдағы қарым-қатынас, бүкіл әлеуметтік экономика, бір мақсатты көздеумен ғана құрылу керек, ол адамның ішіндегі Адамды ояту – бұл концепцияның негізгі ерекше орны осындай. Бұл не дегені және бұндай мақсатқа қандай тәсілмен жетуге болатындығы осы кітапта әрі қарай талқыланады. Эконимиканың өсу көрсеткіштері ғана, жетістіктің белгі болып саналмайды, қоғамдағы өмір үйлесімдері, рухани құндылықтарға көзделген адамдардың әрекеттері, қоғам үшін ең бастапқы актив, және қауыпсіздік пен өркендеудің кепілдігі. Өзін өзі және сонда әрекет істейтін субектерді, тек жетістіктерге бағыттайтын (әр түрлі салаларда, ең бастапқысы - экономикалық саласында) өркениетінің уақыты таусылды. Білім беру жүйелеріне, қоғамның институтеріне дәйекті түрде, мына өркениеттік формуласын еңгізу керег: адамның ішкі Адамын оятудың салдары мынада, қарым-қатынастың сапасы жоғарғы деңгейге көтеріліп, қоғамның әр-түрлі салаларында экологиялық көркею басталады (Экологиялық көркею дегеніміз, адам өмірінің бүкіл саласында, даму мүмкіншілігін бірдей толығымен ашады. Мұндай көркею бүгінгі көркеюдің тура қарама-қарсысы, мысалы, ақшасы көп болғанымен басқалармен қарым қатынасы жоқ, әр түрлі тәнінің және психикасының сырқаттарының иесі, және өзіне ұнайтын жерде дарын ашатын жерде жұмыс істеми керсінше ақшаны көп табуға болатын жерде жұмыс істеуі). Жоғарда айтылған концепцияның негізгі ерекше орны, мұнда керсінше құрастырылып берілген. Біз оның керсінше түсіндірілген себебінің маңыздылығын және олардың мәнінің әр түрлі екенін кейінірек байқаймыз.